Ауыр-ауыр таңдар атты,
Бұл да өтпелі шақ шығар.
Бірақ, бірақ, аспан жаққа
Көшіп жатыр жақсылар.
Ауырады жүрегіміз,
Бірдей едік бəріміз.
Бір кеудеде тілегіміз
Бір кемеде жанымыз...
Соқпасын дауыл,
Тоқтасын жауын,
Адам адамның
Болмасын жауы.
Бəрін де талай
Бастан кешсек те,
Бұл күндер ауыр...
Соқпасын дауыл,
Тоқтасын жауын
Адам адамға
Болсын тек бауыр!
Бəрі де өтер,
Өтер де кетер,
Бұл күндер ауыр...
Бəрін, бəрін, жоқтың бардың,
Сезіндің-ау қадірін.
Талай оттан өттің халқым
Сөнбесінші жарығың...
Шыда, шыда, бұл да өтер,
Аман болса ай, күнің.
Сабырлыға жоламайды
Қара бұлты қайғының.