Болғанда ашуларын нәпсі жауын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Алдында ақыл берген асқар тауын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жүректе ашу еніп тұрған шақта
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Денеңнің мбіле алмайсың ауру сауын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ойласаң мың бір пәле тілден туған
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Шешендер көп ішінде тілін буған
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бір адам қателесіп сөз сөйлесе
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жабылып мың бір бәле соны қуған
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жігіттер жау алмайды ақылдассаң
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жөн білетін адамға жақындассаң
                                                                    
                                                                                                                                                
                                        
                                        
                                                                                                                                                                
                                                                            Қарап жүрген адамға кісі тимес
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сабыр қып өз бойынды мықты ұстасаң
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жақынын жат болады алыс болса
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жатта жақын болдаы таныс болса
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сыртыннан жаман туыс табалайды
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Аяғын бір нәрсеге шалыс болса
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Кедейлік ер жігітке намыс емес
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жоқ болсаң туысың да таныс емес
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Суық үй, арық соғым, жаман әйел
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Үшеуі кедейліктен алыс емес
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ант соқса, адам шіркін тосылады,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Кері кетсе, ұйқы кеп қосылады.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Құл-құтан, қарақалпақ болса-дағы,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Мал шіркін абыройынды жасырады.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Екі арыстан жабылса – дәуді өлтірер,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ажал жетсе – аурусыз сауды өлтірер.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қаныпезер бұзақы жігіт болса,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Тыныш жатқан еліне дау келтірер.
                                                                    
                                                                                                                                                 
                     5
            5
        