Қос шырақ Әке-Ана мәңгі сөнбес
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Оларсыз бұл жалғанда дүние өнбес
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ана - бұлақ таусылмас кәусәрі мол
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Әке - тау ғой шыңына мәңгі жетпес
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            қайырмасы:
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Әке-ана жүрегімде
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қалады бұл өмырде
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қосамын ән мен жырға 
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сағынып жүргенімде
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Анашым тербеп арман бесігінде
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Аштыңда маған өмір бесігінде
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Әкетай сенен қалған өсиетің
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сақталып келе жатыр әлі есімде
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            қайырмасы:
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ақ сүтін аналардың ақтау парыз
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Оларға адам заттың бәрі қарыз
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Балалық махаббаттың қиялымен
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қосады ән мен жырға ұл менен қыз  -
                                                                    
                                                                                                                                                 
                     13
            13
        