Тағдырым мынау, таңдарды сенсіз атырдым,
Ұмытамын деп өршітіп алдым отымды.
Жаным-ау сен де келместі күтіп жүрмісің?
Жас жүрегіңе тұмар қып жазып атымды.
[Қайырмасы]
Жетейін десем, жете алмай,
Жүрген жоқпын ба-ай?
Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,
Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдемім!
Толқыттың мені, есіме түстің, тербедің,
Алтыным менің, қадірін білмес сен менің.
Кешірші жаным, оралмас қайта көктемді,
Кешірші мені, жоғалтқан өмір өрнегін.
[Қайырмасы]
Жетейін десем, жете алмай,
Жүрген жоқпын ба?
Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,
Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдімімм!
Аққуым менің, ақ гүлім едің, ғашығым менің,
Асылым едің, қиялым менің, ұяңым едің,
Аяулы арманым.
[Қайырмасы]
Жетейін десем, жете алмай,
Жүрген жоқпын ба-ай?
Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,
Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау, әдемім! -