Жұлдыздар жерге жақындап
Байланып қалған секілді
Қаз қатар өскен тату бақ
Ойланып қалған секілді
Самалға кешкі шомылып
Арманның оты жанады
Менің де жастық өмірім
Көшеде кетіп барады
Қайырмасы:
Алматы түні, Алматы түні
Ұйқымды менің ұрлады
Алматы түні, Алматы түні
Мен болып таңды жырлады
Алатау алтын лағындай
Сәукеле киіп тұр үнсіз
Ұқсайды көрші ағынға
Алатау арман ағын саз