Димаш Құдайберген
Текст

Қайран Елім

Димаш Құдайберген

Оцените песню: Голос вверх 9 Голос вниз 1

90%
10%
Жанарымда жас бар ма?
Тамшы тамса жасқанба
Елімді сүйіп
Көтердім биік
Алақанымды аспанға!
 
Сынақ түспей әліңе
Бұл өмірдің мені не?
Сындар шыңдайды
Шыңдар сынбайды
Уақыт ем болар бәріне
 
Қайран менің
Туған жерім
Аман бол, елім
Ғасырлардай
Мәңгі соқсын
Сенің жүрегің
Жалғыз сол ғана тілегім!
 
Ұмытылсын қайғы мұң
Жарқырасын ай-күнім
Шаттансын әр үй
Қуансын сәби
Тілеймін әлем саулығын!