Жағасындай теңіздердің,Самалың еседі,
Сағынышты еске салып кешегі.
Сенің бейнең күлімдеген,
Дірілдеген жүрегің,
Қалай ғана көңілімнен өшеді?!
Тек өзіңе арналады әнім.
[Қайырмасы]
Бақытым да, бағым да сенсің,
Жаным да сенсің,
Ай-Күніме айналатын таңым да сенсің
Бақытым да, бағым да сенсің
Жаным да сенсің,
Көктемдегі жайқалатын, шайқалатын гүлім де сенсің.
Мұңайғанда жасқа толса,
Мөп-мөлдір жанарың,
Күлімдеген күлкіңді іздеп табамын.
Сағыныштан дүрсілдеген,
Жүрегімнің төріне,
Көтеремін махаббатың жалауын,
Тек өзіңе арналады әнім.
[Қайырмасы]
Бақытым да, бағым да сенсің,
Жаным да сенсің,
Ай-Күніме айналатын таңым да сенсің
Бақытым да, бағым да сенсің
Жаным да сенсің,
Көктемдегі жайқалатын, шайқалатын гүлім де сенсің. -