Менің қара көйлегімді алыстан қыздар байқайды.
Қара көйлегімді көріп қыздар жинала бастайды.
Сол жақтан келеді қыздар қара көйлегіме еріп,
Оң жақтан келеді қыздар қара көйлегімді көріп.
Мен әнші, мен биші, мен жігіттің сұлтаны,
Қара көйлек киген мықтылардың мықтысы.
Жігіттің жүрегі махаббатың мекені,
Қыздарға мәлім ғой мендей жігіттің қадірі.
Көйлегім қара болса да, өзегім қағаздай аппақ.
Маған ғашық болған қыздар ешқашан болмайды қапа.
Ал мендей жақсы жігітті ұнатпаған қызға айтамын,
Сүймесең проблема қанша қош бол, бақытты бол жаным.
Ақ көйлек кисем болар еді, ақ көйлек аппақ мақтадай.
Көк көйлек кисем болар еді, түсі көктей көк аспандай.
Қызыл көйлекті кисем болар еді, түсі гүл сүйген даламдай,
Бірақ кидім қара көйлек бір нағыз крутой адамдай