асыл жаным-ай жалғыз менің
Атар таңымдай болшы деймін
Сен екенсің, асылым,
Бағалысы ғаламның.
Кіп-кішкентай ғашығым -
Көшірмесі анамның.
Екеумізді қорғайды
Махаббаттың киесі!
Сенен басқа болмайды
Жүрегімнің иесі!
Асыл жаным-ай аңсарымсың,
Мөлдір бұлағым, кәусарымсың.
Асыл жаным-ай, гүлім де сен,
Әлем жайнайды күлімдесең.
Жаным сенің жанарың -
Жалғандағы жарығым!
Жарығыма қарадым,
Шарпып оттай жалыным.
Жаным сенің көзіңнен
Сырыңды ұқтым жасырын.
Басталардай өзіңмен
Менің жаңа ғасырым!