Таң атады өзіңдей қиялдаймын көрсемдей
Ойлап ойым үзілмей
Періштенің өзіндей күнмен айдың көзіндей
Сені аңсаймын көз ілмей
Өтер көктем өтер күз
Мейлі аңсап өтерміз
Мен ұнатқан ерке қыз
Бірге жүрсек екеуміз
Жарасады екенбіз
Шын бақытқа жетерміз
Қайырмасы
Оу Мадина, Мадина
Тербедім тасыдым
Оу Мадина, Мадина
Сенгенім асылым
Оу Мадина, Мадина
Сен менің жан сырым
Оу Мадина, Мадина
Сүйгенім ғашығым
Жансың туған асылдан
Сезімімді тасыған айтшы қалай жасырам
Шақырады қарашы көздеріңнің қарасы
Махаббаттың қаласы
Аялайын ақ құсым өзің қандай тәттісің
Маған сыңар бақпысың
Жаралғандай бағыма жүрмін сені сағына
Келші бері жаныма!
Қайырмасы
Оу Мадина, Мадина
Тербедім тасыдым
Оу Мадина, Мадина
Сенгенім асылым
Оу Мадина, Мадина
Сен менің жан сырым
Оу Мадина, Мадина
Сүйгенім ғашығым