Қос жүректің тілегінен құралған,
Орындалды ойымдағы бір арман
Алтыным-ай айдан бір алқа тағайын,
Күнім болып күнде күліп шық алдан.
Қайырмасы:
Мен сүйген гүлмедің қай жақта гүлдедің,
Бақытым бір менің ,бір менің.
Келер деп жүрмедің аруым бір керім,
Асылым сүйгенім,сүйгенім
Бір бірінің көз алдында тұрғанда,
Айтылмайтын шертілмейтін сыр барма?
Дәл осындай махаббаттың мекені
Жүрексіз жан кездеспейді бұл маңда!
Қайырмасы:
Мен сүйген гүлмедің қай жақта гүлдедің,
Бақытым бір менің ,бір менің.
Келер деп жүрмедің аруым бір керім,
Асылым сүйгенім,сүйгенім.
Толқындырған жүректі жыр қандай?
Тұра алмайды аймен жұлдыз нұрланбай
Бар табиғат екеумізден көз алмай,,
Ғашықтарға тілекші болып тұрғандай.
Қайырмасы:
Мен сүйген гүлмедің қай жақта гүлдедің,
Бақытым бір менің ,бір менің.
Келер деп жүрмедің аруым бір керім,
Асылым сүйгенім,сүйгенім.