Жанарыңнан төгіледі күн нұры
Жан дүнием жұпар шашқан қыр гүлі
Аялы анам, аяулы анам өзіңсіз
Ән салмайды бағыңда бұлбұлы
Мейірімге тұнып тұрған көзіңнен
Мен өзгеше жан жылуын сезінем
Қуат алып келем ана әлі де
Құлыным-ау деген асыл сөзіңнен
Алақаның маңдайыма тигенде
Балапыным деп құшақтап сүйгенде
Сенің ғана саулығыңды тілеуші ем
Тәубе етіп тәңірге бас игенде
Мейірімге тұнып тұрған көзіңнен
Мен өзгеше жан жылуын сезінем
Қуат алып келем ана әлі де
Құлыным-ау деген асыл сөзіңнен
Жаным ана есіміңді арқалап
Айта берем сәби үнім жаңғырып
Таңда атар күнде батар бәрі өтер
Саған деген махаббатым мәңгілік
Мейірімге тұнып тұрған көзіңнен
Мен өзгеше жан жылуын сезінем
Қуат алып келем ана әлі де
Құлыным-ау деген асыл сөзіңнен