Жастар ай
Жастар ай
Бұл қазақтың жерін кімдер баспады ай
Жастар ай
Жастар ай
Мәдениті батыстың кеп ластады ай
Қазақ биін ұмыт қылып
Шет ел биін билеп жүрміз масқара ай
Шет елдің биін талғамай
Қол бұлғай жүрміз айқайлай
Дискотеканы жағалай
Ұялып жүр кірмей қамажай
Вальсін шеттің аңсаған
Биледі балқып қанша жан
Билейтін шалқып сол заман
Өкпелі боп жатыр Шәмші ағам
Қыздар ай
Қыздар ай
Қыз жібектің қылықтары қалмады ай
Қыздар ай
Қыздар ай
Ұзын көйлек
Ұзын шаштар арман ай
Қиып тігіп жамау жамап
Джинсыдан киіп алған шалбар ай
Табиғи қолаң шаштары ай
Иықтан төмен аспады ай
Қиял қулы заттарға
Күйік қылған кірпік қастар ай
Жастар ай
Жастар ай
Біз едік қой Мағжан сенген жастар ай
Жастар ай
Жастар ай
Азат елдің көшін алға бастап ай
Қазақ тілін азаттығын
Қәдірлейік қастерлейік біз бүгін
Арыстан болып ақырып
Шабытты жырдан шақырып
Қазақстанның ақ таңын
Жүрейікші бірге аттырып
Арыстан болып ақырып
Шабытты жырдан шақырып
Қазақстанның ақ таңын
Жүрейікші бірге аттырып