Киелі қара таудан қуат алған
Ежелден сусындаған сыр ананың
Келгенде құшағыңнана ляззат табам
Саялы жан жәннаттым Жаңақорған
Қайырмасы:
Жәннаттым Жаңақорған
Жандары жайсан дархан
Сыймайсың құшағыма
Аймалап құшақтасам
Қимасым қол былғайды
Балалық сенде қалған
Ардағым бір сәт сені ұмытпаған
Аңсаған жырақтағы мен бір балаң
Арқалап жүрер едім тастамастан
Қайтейін келмейді ғой оған шамам
Қайырмасы:
Жәннаттым Жаңақорған
Жандары жайсан дархан
Сыймайсың құшағыма
Аймалап құшақтасам
Қимасым қол былғайды
Балалық сенде қалған
Туған жер бәрінен де қымбат маған
Талай адам батпағынан шиа тапқан
Белесің биік болсын бағындырған
Көп емес өзіңе арнап дастан жазсам
Қайырмасы:
Жәннаттым Жаңақорған
Жандары жайсан дархан
Сыймайсың құшағыма
Аймалап құшақтасам
Қимасым қол былғайды
Балалық сенде қалған