Тамырымда қан ойнаған таңым азат арайлаған
Тұлпарым бар төске өрлеген дұшпаныма дес бермеген
Қазақпын
Тағдырдың тозағынан өмірдің азабынан
Тайсалмай аман өткен еркіндік самал өткен
Қазақпын
Дұлығалы бас кескен тамырымды ерең тас тескен
Болашақ қамы үшін басын тігіп бәстескен
Азғырып теңдескен тарихын тасқа мөрленген
Қаз арыстан қас жауды қанжығалы өңдерген
Қазақ елім-ай
Бөлтіріктей бөрінен түзде жүріп тебіренген
Құшақ ашса өр көңілін қорғап қалған жерінен кең
Қазақпын
Алтай мен Атыраудан Арқаменен Алатаудан
Қасиетті Қаратаудан тамырын кең тарата алған
Қазақпын
Тобылғы ұстап қамшы алған толғай-толғай ән салған
Үйге жылан келсе де ақ тамызып қарсы алған
Қыл құйрығын саулатқан қыл қобызын сарнатқан
Алды аспанның жүзінде алты құрлық тау құлатқан
Қазақ елім-ай