Данияр Мырзабеков
Текст

Көзіңнен айналдым

Данияр Мырзабеков

Оцените песню: Голос вверх 4 Голос вниз

100%
0%
 
Келіп ем гүл алып еркелеп бұралып
Алдымда қызғалдақ тұрды
Көңілде көктемім
Күлімдеп көкте күн
Шуағын бізге арнап тұрды
Күн батып барады
Біздерге қарады
Біз тұрдық таусалмай сырды
Толқыттың тербеттің
Қиялмай сен кеттің
Аңсаймын жүзіңді нұрлы
 
Қайырмасы:
Қарайда қарай күн өтті талай
Жаралы жүрек шоқ шоқ
Қайдасың еркем өзіңнен хабар жоқ
Көркіңе байландым
Сөзіңнен айналдым
Өртеген оттай қарақат көзіңнен айналдым
 
Қайдасың ақ тамақ
Күн өтті апталап
Күтпеді күз келіп жетті
Қайтқанда тырналар
Сендерден бір хабар
Сары күз салқынын төкті
Сары күз сағыныш
Қимайды жаны күш
Ойласам жаным жаралы
Жүрегім жылады
Жанымда сыңары
Қос аққу ұшып барады
 
Қайырмасы:
Қарайда қарай күн өтті талай
Жаралы жүрек шоқ шоқ
Қайдасың еркем өзіңнен хабар жоқ
Көркіңе байландым
Сөзіңнен айналдым
Өртеген оттай қарақат көзіңнен айналдым