Дана Маханбаева
Текст

Бақыттымын құрбылар

Дана Маханбаева

Оцените песню: Голос вверх 35 Голос вниз 1

97%
3%
Бұлбұлың сайрайтын оянып таңменен,
Қазақтың даласын тербетем әнменен.
Достарым жанымда жүрегі мейірлі,
Бақыттың бағында жүремін көңілді.
 
Әдептен аспаған, арманға бастаған,
Жан-жағым дос құрбы, жан-жағым жақсы адам,
Шаттықтың нұрын шашып жанарымнан
Билеймін ырғатылып саламын ән, саламын ән.
 
Шаттықтың нұрын шашып жанарымнан
Билеймін ырғатылып саламын ән, саламын ән.
 
Жарқылдап күлгенім, жүзіме жарасқан.
Алдағы күндерім, арманға жол ашқан
Еркелер елім бар, құшағы аялы,
Көрікті жерім бар, гүл бағы саялы.
 
Әдептен аспаған, арманға бастаған,
Жан-жағым дос құрбы, жан-жағым жақсы адам,
Шаттықтың нұрын шашып жанарымнан
Билеймін ырғатылып саламын ән, саламын ән.
 
Шаттықтың нұрын шашып жанарымнан
Билеймін ырғатылып саламын ән, саламын ән.
 
Қырмызы гүл болып, жайқала беремін,
Далама күн болып, сәулемді төгемін.
Самғаймын айға да атанып шағала,
Қолдайды қайда да Отаным жан-ана.