Дана Кентай
Текст

Мамажан Папажан

Дана Кентай

Оцените песню: Голос вверх 14 Голос вниз 1

93%
7%
 
Ардақты әкешім дара шыңымдай
Аяулы анашым жанашырымдай
Екеуің менің көзімнің ағы мен қарашығындай
Салмақтым әкешім саялы бағым
Сымбатты анашым аялы жаным
Сендерге еркелеймін мен
Басылмай баяғы жалын
 
Қайырмасы
Мамажан папажан ай күнім менің
Әлемдегі баға жетпес байлығым менің
Мамажан папажан ардақтыларым
Сіздер барда мен биікке самғап тұрамын
 
Әкешім жан анам жақын көреді
Анашым қызына ақыл береді
Алдында ата-анасы бар
Ұл мен қыз батыл келеді
 
Қайырмасы
Мамажан папажан ай күнім менің
Әлемдегі баға жетпес байлығым менің
Мамажан папажан ардақтыларым
Сіздер барда мен биікке самғап тұрамын