Тойға келген ағайын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Домбырамды-ау алайын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ата-дәстүр салтымен
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Тербелеп әнге салайын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қуанышыңа-ай ортақ боп
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қызығына қанайын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қызмет етіп талмайын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бетін ашып келіннің
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көрімдігін алайын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Екі де жақсы үй болған
                                                                    
                                                                                                                                                
                                        
                                        
                                                                                                                                                                
                                                                            Жастардың осы тойына
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ақ тілекті арнайын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Айналайын ақ келін
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сөзіме құлақ салыңыз
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Өнегелі келін боп
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Тарихта мәңгі қалыңыз
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Абай менен Шоқандай
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ақылды ұлды табыңыз
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Роза менен Мақпалдай
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ерке қызды табыңыз
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бір баламен шектелмей
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бірнешеуін табыңыз
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ата менен енеңді
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Құрметпенен бағыңыз
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Келін, келін келіп тұр
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Босағадан еніп тұр
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Таныстырайын мен сені
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Иіліп сәлем беріп тұр
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Аталар бар ардақты-ей
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Енелер бар салмақты-ей
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ойлай тұғын жан-жақты-ей
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сондықтанда бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Аааай, келінжан, ата енеңе бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Аааай, келінжан, ата енеңе бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Келін келді деп қуанып
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Осы бір күнді ойлаған
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Келіп отыр осында
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Нар тұлғалы қайын ағаң
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Абысындар келіп тұр
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Іске көзі жайнағап
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қазысы мен қартасы
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қазанында қайнаған
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ал келінжан, келінжан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қайын ағаларға бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ал келінжан, келінжан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Абысындарға бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Алыс ауыл арасын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жақын етер нағашың
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Екі ағайын арасын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Тату етер нағашың
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ақ келін боп келгенде
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Шашу етер нағашың
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Нағашың, нағашың
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Осы тойға қуанып
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Келетінде нағашың
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жиен-бөле тағы бар
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бәріне сәлем салынар
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Нағашыға бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жиендерге бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бір сәлем, бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қазақ осы құда бол деп қинайтын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Құдалар бар құрметтейтін сыйлайтын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ат міңгізіп, ақ шапанын кигізген
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Құдалар бар жамандыққа қимайтын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Мың жыл мәңгі құда жолын жалғаған
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Құдағи ізгі тілек арнаған
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бастарына бақ пен дәулет орнаған
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Құда менен құдағиға бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Анау тұрған жезделер
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жездеге кім тең келер
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жанындағы әпкелер
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сұлулығын көз көрер
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сәлем салшы соларға-ай
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көрімдігін тез берер
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Әпке-жезде келіңдер
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Таныс болсын өзгелер
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ал келінжан, келінжан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жезделерге бір сәлем Әпкелерге
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ал келінжан, келінжан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Әпкелерге бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Анау тұрған қайнысы
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қайнысы деген қай кісі
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Үйленді деп ағамыз
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Келіп тұр ғой қайнысы
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Өзіңменен бір жүрер
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бір қуанып бір күлер
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қайнылармен топтасып
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Келіпті қайны сіңлілер
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Келінжан, келінжан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Соларға да бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Келінжан, келінжан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қайныларға бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Келінжан, келінжан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қайын інілерге бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Келінжан, келінжан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қайын сіңілерге бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Достар келді алыстан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жақсы іспен жарысқан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бірін бірі сағынып
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Құшақ жайып табысқан-деу
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Доспен көңіл жай қалар
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Доспен көңіл жай табар-ей
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ақ ниетті достарың
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ақ тілекпен байқалар-беу
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ал, келінжан, келінжан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Соларға да бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ал, келінжан, келінжан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жолдастарға бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ал, келінжан, келінжан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Достарға да бір сәлем
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ал, келінжан, келінжан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жолдастарға бір сәлем-беу
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бәрі сенің туысың
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бәрі сенің ырысың
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Беташар айттым ағайын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Шапалақ қатты ұрылсын
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ибалы келін атанып
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қарттарынан бата алып
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Мен қайтайын осымен
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Берекет болсын бұл ісім
                                                                    
                                                                                                                                                 
                     264
            264
         16
            16