Күні-түні күтем өзіңді,
Амалын таппай
Алдайсың неліктен сезімді
Сендей жан жоқтай
Жаралама жанымды, жаным,
Қалшы жанымда.
Бақытың болып қонам бағым
Мәңгілік бағыңда…
Келем десең күн-түн, мен күтемін
Күтумен келемін.
Сен деп соғар тук-тук-тук жүрегім,
Тек оны білмедің,
Сезбедің, жаным…
Бағынбайтын мүлдем уақытқа,
Тым бөлек жансың.
Жеткізбесең де сен бақытқа,
Жүректе барсың.
Сен деген сезімім сөнбейді,
Алауын жақсаң.
Өзің деп қана дүрсілдейді.
Жүрегім соқса…
Келем десең күн-түн, мен күтемін
Күтумен келемін.
Сен деп соғар тук-тук-тук жүрегім,
Тек оны білмедің,
Сезбедің, жаным…