Әнім сенсің, жырым сенсің шалқыған, айналайын 'Қазақ' дейтін халқымнан!
Өздеріңмен болашаққа, туған ел, талаптанып, қанат қағып талпынам.
Айналайын, туған далам - ырысым.
Жүрегімнің таусылмайтын жырысың.
Қайырмасы:
Бағым сенсің Туған ел,
Әнім сенсің Туған ел.
Арым сенсің Туған ел,
Барым сенсің Туған ел.
Жарқыраған Ай-Күнім, сарқылмаған байлығым.
Шалхар көлім, айдыным, Туған далам - айбыным.
Туған елім, мен өзіңмен шаттанам, бар сырымды, бар жырымды ақтарам.
Жанымыз бір, әніміз бір сендермен, сол үшін де Қазақ елім, мақтанам!
Айналайын, Қазақ елім - ырысым.
Таусылмайтын жүрегімнің жырысың.