Бейбіт Мұсаев
Текст

Жауқазын гүл

Бейбіт Мұсаев

Оцените песню: Голос вверх 69 Голос вниз 1

99%
1%
Тірліктің дерті басылмай
Сенсіз өткен күнім ғасырдай
Өртедің-ау жанымды менің
Өртеген көздің жасындай.
 
Тәлкегі көп тағдырдың салған,
Алдамасын ақшуақ арман,
Жадырашы, жайқала берші-ай,
Жауқазын гүл жаңбырда қалған.
 
Таң гүлінің тұнық шағындай
Жүрегімнің жұмбақ сырындай
Жанарыңнан жаның төгілді
Жаныңның нәзіктігін-ай
 
Тәлкегі көп тағдырдың салған,
Алдамасын ақшуақ арман,
Жадырашы, жайқала берші-ай,
Жауқазын гүл жаңбырда қалған.
 
Арзуындай өткен кездердің
Ағатай деп қайдан кез келдің
Азабына төземін қалай
Айтылмай қалған сөздердің
Тәлкегі көп тағдырдың салған,
Алдамасын ақшуақ арман,
Жадырашы, жайқала берші-ай,
Жауқазын гүл жаңбырда қалған.
 
Тәлкегі көп тағдырдың салған,
Алдамасын ақшуақ арман,
Жадырашы, жайқала берші-ай,
Жауқазын гүл жаңбырда қалған.
Жауқазын гүл жаңбырда қалған.