Тыным таппай жүрек лүпілдеп ашатын көңіл көзін
Өзгертетін бәрін де бір күнде - Махаббат ұлы сезім
Сағынасың тасынасың кездесуге асығасың
Сүйген адам барлық сырын қалайша жасыра алсын!
Қ-сы:
О махаббат сезім ғажабы - жан-жарасын жазады
О махаббат ғашық адамдар бақытқа қол созады (2)
2) Ғашығыңа күнде гүл беріп қуанту да керемет!
Қол ұстасып жүрсең бір болып одан басқа не керек?!
Армандары биік самғасын, қанаттары мәңгі талмасын
Шын ғашықтар бір-біріне махаббатын арнасын!