Бейбіт Қорған
Текст

Қос қанатым

Бейбіт Қорған

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Ұл қыздарым жұлдыздарым нұрланған
Әкесінің өнерінен үлгі алған
Балаларым бұл өмірде мен үшін
Ең керемет ең сүйікті тыңдарман
Әке бізде ән жұлдызын жағайық
Өзіңменен қосылып ән салайық
Сахнаға алып жүрші біздерді
Өнердегі қос қанатың болайық
 
Қос қанатым,қос қанатым
Сендер барда жан емеспін жасқанатын
Ардақты әке асқақ атың
Батаңызбен ақ жолыңыз басталатын
 
Әке бізде биік шыңға шығайық
Жаныңызда бірге билеп тұрайық
Енді өзіңмен ертіп жүрші біздерді
Сапарларды сағынғанша мұңайып
Кез келеді әнді бірге салатын
Сапарларға қол ұстасып баратын
Өнердегі тілеуімді тілейтін
Өмірдегі менің екі қанатым
 
Қос қанатым,қос қанатым
Сендер барда жан емеспін жасқанатын
Ардақты әке асқақ атың
Батаңызбен ақ жолыңыз басталатын