Жүрегіңнен ешкім білмес қайнар мұң
Қабырғаңнан гүл жаралған айлардың
Судай тұнық көздеріңнен жарасқан
Қадірлім қабағыңнан айналдым
Кештіңбе сен есерлім жайдарлым
Босқа кеткен сол азабын айлардың
Ессіз кеткен мінезіме шыдаған
Төзімді қабағыңнан айналдым
Қайырмасы
Жанарыңда үнсіз мені жетелеген белеске
Сезімі кіршіксіз сенің махаббатың елеспе
Ақ бұлттар адасама ақ арманым
Сенде бұл өмірдің жалғанын
Ақ жүзіңнен күлкі кетпес сонда да
Дүниеде жылу сенің қабағың
Сырын ашпас өткен күндердің жайлардың
Тұңғиыққа батыратын ойлармын
Көлсіз жерде моншақ жасын төгетін
Санаулым қабағыңнан айналдым
Қайырмасы
Жанарыңда үнсіз мені жетелеген белеске
Сезімі кіршіксіз сенің махаббатың елеспе
Жанарыңда үнсіз мені жетелеген белеске
Сезімі кіршіксіз сенің махаббатың елеспе