Берік Сексенбекұлы
Текст

Құлай сүйдім

Берік Сексенбекұлы

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
Есіңде ме жаным сол күн
Есілді тербетіп толқын
Есімді менің алғаны
Сыңғырлаған сенің шолпын
Төгіліп белге бұрымын
Көрініп көзге қылығын
Жалт еткен сенің жанарын
Сездірді сезім жылуын
Махаббатын мен аралын өзіңмен іздеп табамын
Себебі мен сені жаным құлай сүйдім
 
қайырмасы:
Ұнай ма толқыны тербетіп жанғаны жаным
Ұрланып жалт еткен жанарын жұлдыздай жанады
Сырласқан түнгі аспан өзіңмен оңаша мен болсам деймін
Себебі мен сені жаным құлай сүйдім
 
Көктегі күнге теңедім көктемгі гүл сен едің
Аспан мен жерді шаралап өзіңді іздеп келемін
Көз тоймас менің көріктім қылығынмен еріттің
Мені іздеген жан сен едің бағыма менің жолықтын
Махаббатын мен аралын өзіңмен іздеп табамын
Себебі мен сені жаным құлай сүйдім
 
қайырмасы:
Ұнай ма толқыны тербетіп жанғаны жаным
Ұрланып жалт еткен жанарын жұлдыздай жанады
Сырласқан түнгі аспан өзіңмен оңаша мен болсам деймін
Себебі мен сені жаным құлай сүйдім