Ғажайып сахнаның пердесі,
Тербеліп әнмен ашылады.
Сиқырлы жүрегіңнің пернесі,
Көңілде сазбен басылады.
 
Сал дәурен, шалқы тасып, ән дәурен,
Қымбатсың көрермен жиналған.
Сағынышпен табыстық,
Асыл тыңдарман. 
 
Қайырмасы:
Сенсің сахна,
Асыл, киелі,
Сенде шалқысын ән.
Сенсің ағайын,
Әнмен сүйерім.
Толқиды көңіл,
Басымды иемін.
 
Жанымның мұңы менен шаттығым
О муза, ән болып баурадың.
Көңілімнің көктемі, жастығын,
Ән бесік тербеуге арнадым.
 
Шалқимын, масаттанып толқимын,
Күй кешкенде сахна төрінде,
Бөленіп бір ерекше сырлы сезімге.
 
Қайырмасы:
Сенсің сахна,
Асыл, киелі,
Сенде шалқысын ән.
Сенсің ағайын,
Әнмен сүйерім.
Толқиды көңіл,
Басымды иемін.