Баян Бектұрғанова
Текст

Сүгір термесі

Баян Бектұрғанова

Оцените песню: Голос вверх 4 Голос вниз 1

80%
20%
 
Ауылға да Сүгір-ай келді деп
Ордасында талайдың сайраған
Сары самаурын, ақ құман
Кең дастархан-ау жайнаған
 
Ағаларда елдің-ау аман бол
Келді ме деп-ай жыршыда
Жеңгейлерімде бар еді ай
Ботадай көздері-ай жайнаған
 
Ал інілерімде бар еді
Сүгір де ағам ай келді деп
Ат шаптырыпта айхайлап
Хабарда салғанау еліне
 
Мәжіліс деп айтады-ау еліне
Көңіліде құрғыр-ай мастанам
Біз жүре беріппіз жігіттер ей
АДАЙдыңда берген-ау жеріне
 
Келіндерім де бар еді
Қайын аға келдің-ау дегенде
Реңінде қалайда көрем деп
Алыстан тұрыпта болжаған
 
Сызылыпта талай ай сыйлаған
Құрбыларымда-ай бар еді
Қоныпта кетсейші-ей құрдас деп
Талайдың жаннын қинаған
 
Қыздарымда бар еді
Шәй құйыпта беріп ей атамның
Батихасын ай алам деп
Саусақтарыда майысқан
Қыпшада белдері-ау қайысқан
 
Алтыда қанат-ай ақ орда
Айырылыпта қалып ей барасың
Біз сияқты күнінде 
Шабысы да жүйрік ей  арыстан

Другие песни от Баян Бектұрғанова