Баян Абаев
Текст

Қазақпыз

Баян Абаев

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
Тарыдай шашылған қазақтың
Басына орнады ғажап күн
Өткен күн тарихтың еншісі
Бүгін сен азатсың ғажапсың
Көшеңмен өзендей құйылдық
Көк тудың астына жиылдық
Қол жайып аллаға сиындық
Болмасын енді еш қиындық
Қайырмасы:
Қазақпыз азатпыз ғажаппыз
Өсірген азат ұл азат қыз
Бірге өссін ұрпағың бөлінбей
Күн кешсін бейнетсіз азапсыз
Бірге өссін ұрпағың бөлінбей
Күн кешсін бейнетсіз азапсыз
Бабалар ізімен жалғасқан
Сақтаулы сан тарау салтымыз
Замана жолынан алмастан
Бүгінде озық тұр нарқымыз
Сəніне жалғастың тірліктің
Мəніне жетпесең бірліктің
Айтшы сен қазағым ежелден
Бөлініп жарылып кімді ұттың
Қайырмасы:
Қазақпыз азатпыз ғажаппыз
Өсірген азат ұл азат қыз
Басыңнан бірлігің таймасын
Себебі біз деген азатпыз
Басыңнан бірлігің таймасын
Себебі біз деген азатпыз