Бауыржан Бекахметов
Текст

Ажал

Бауыржан Бекахметов

Оцените песню: Голос вверх 22 Голос вниз 2

92%
8%
Жалғанды жалпағынан бассаңдағы
Құлыпын қу дүниенің ашсаңдағы
Болады жазылған іс пешенеңде
Ажалдан құтылмайсың қашсаңдағы
 
Бұлбұл боп ел алдында сайрап жүрсеңде
Өмірді шалқып күліп тойлап жүрсеңде
Ажалды ақша беріп тоқтата алмас
Бриллиант алтын тағып жайнап жүрсеңде
 
Палуандарды алыспайық сұлатқан
Патшаларды тақтарынан құлатқан
Бұл пенденің бар тағдыры осылай
Сум ажалға шарасыз жылатқан
 
Бай болып кедейлерді менсінбесеңде
Патшаға дікеңдеп сенсің десеңде
Қу ажал қойнына салып берер
Жиіркеніп қара жерді жерсінбесеңде
 
Дұшпаныңа қазған ор болғаныменен
Сенген ағаң полежениесі зор болғаныменен
Ажалдың қылышынан құтылмайсың
Білімің космосқа зор болғанымен
 
Самолетің бойынып ту болғанменен
Фильтрленген ішкенің су болғанменен
Ажалдың айласына ақыл жетпес
Аферист елді алдаған қу болғанменен
 
Көр қазып көп адамды жерлеп жүргенмен
Дәрігер боп талай жанды емдеп жүргенмен
Ажалды заңмен дәрі тоқтата алмас
Би болып елді заңмен тергеп жүргенмен
 
Бай патша бас иемекен мейіріңе деп
Бағынбас тау қопарған теріңе де
Әмірін бір алланың орындайтын
Ажалдар қарамайды тегіңеде
 
Жаратқан бір алланың аты өлмейді
Қасиетті құран кәрім хат өлмейді
Артыңда ұл мен қыздың ізі қалып
Ел үшін жасап кеткен зат өлмейді

Другие песни от Бауыржан Бекахметов