Baqay, Әдемі ай дуэті
Текст

Жолың болсын, жолаушы

Baqay, Әдемі ай дуэті

Оцените песню: Голос вверх 8 Голос вниз

100%
0%
Биік биік тауларды, қызыл жасыл бауларды.
Үлкен үлкен қаланы, алыс алыс ауданды.
Көру үшін аралап, асығамыз сапарға.
 
Жүрсең алыс жерлерде, аман-есен оралшы.
Сағынысып көргенде, құшақтасып қол алшы.
Аспанда да, жерде де, асуда да, белде де.
Жолың болсын, жолың болсын жолаушы.
Аспанда да, жерде де, асуда да, белде де.
Жолың болсын, жолың болсын жолаушы.
 
Ойдым-ойдым орманды, қабат-қабат қорғанды.
Тарқатылған бұрымдай, тарам-тарам жолдарды.
Көру үшін аралап, асығамыз сапарға.
 
Жүрсең алыс жерлерде, аман-есен оралшы.
Сағынысып көргенде, құшақтасып қол алшы.
Аспанда да, жерде де, асуда да, белде де.
Жолың болсын, жолың болсын жолаушы.
Аспанда да, жерде де, асуда да, белде де.
Жолың болсын, жолың болсын жолаушы.
 
Өзендерді, көлдерді, өзектерді, шөлдерді.
Жүгірген аң, ұшқан құс, жете алмайтын жерлерді.
Көру үшін аралап, асығамыз сапарға.
 
Жүрсең алыс жерлерде, аман-есен оралшы.
Сағынысып көргенде, құшақтасып қол алшы.
Аспанда да, жерде де, асуда да, белде де.
Жолың болсын, жолың болсын жолаушы.
Аспанда да, жерде де, асуда да, белде де.
Жолың болсын, жолың болсын жолаушы.

Другие песни от Baqay, Әдемі ай дуэті