Бақыткелді Мұқаш
Текст

Жоғалып жазғы шақтарда

Бақыткелді Мұқаш

Оцените песню: Голос вверх 101 Голос вниз 3

97%
3%
Жоғалып жазғы шақтар да,
Күз келер, арты қыс болар.
Қаңырап тұрған бақтарға
Қайырылып қайта құс қонар.
 
Бұтаққа қонып жалаңаш,
Сайрамас сайран серілер.
Əр ағаш бір -бір дар ағаш,
Құбыжық болып көрінер.
 
Басына орнап бар түнек,
Тұнжырап қалар қара бақ.
Қар тілеп əлде қан тілеп,
Қарғалар жүрер аралап.
 
Жапырақ түсіп, сəн кетіп,
Сып-сидам селеу бақ қалар.
Қоштасып құстар əндетіп,
Алыс бір жаққа аттанар.
 
Теректер, талдар, қайыңдар
Тербелмей ұзақ уайымдар.
Жұбатпай-ақ қойыңдар,
Менің де сондай жайым бар...