Бақыт Шадаева
Текст

Жаңа жыл

Бақыт Шадаева

Оцените песню: Голос вверх 918 Голос вниз 79

92%
8%
Қош келдің жаңа жылым қазағыма,
Қайранмын дүниенің ғажабына.
Көндірген бейнетімен азабына,
Қош келдің жаңа жылым қазағыма.
 
Қайырмасы
Белін бекем буған елім,
Бақ дәулетке тұнған елім.
Құтты болсын, кұтты болсын,
Жаңа жылым туған елім.
 
Қош келдің жаңа жылым даламызға,
Қайнаған туған жерім анамызға.
Жыл келді , той тойланды арамызда,
Қош келдің жаңа жылым даламызға.
 
Қайырмасы
Белін бекем буған елім,
Бақ дәулетке тұнған елім.
Құтты болсын, кұтты болсын,
Жаңа жылым туған елім.
 
Қош келдің жаңа жылым бағымызға,
Үмітті сәуле бердің жанымызға.
Қуаныш күйі ойнайды қанымызда,
Қош келдің жаңа жылым бағымызға.
 
Қайырмасы
Белін бекем буған елім,
Бақ дәулетке тұнған елім.
Құтты болсын, кұтты болсын,
Жаңа жылым туған елім