Бағжан Ерғайып
Текст

Мінажат

Бағжан Ерғайып

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
Оу,, өмірге келген пенде екен
Тіршіліктің қаны бар
Бас алаңқа демейме
Киетін бөрік табылар
Адамның басы алланың добы дейтін тағы бар
Алладан сұрап амандық-ай
Қайтейін пенде жалған-ай
Кең пейілдікке кең өмір
Тар пейілге тарылар
Құс жазық торға түскенде
Пейілден пендең жаңылар
Біреулердің басында алланың берген бағы бар
Тұлпармен жолға шыққанның-ай
Артында қалған жаны бар
Сор кешіп біреу өмірден
Тас құрылтасын салдырар
Өмірден жаяу көшкеннің
Табанынан табалар
Жақсыны жақсы десеңіз
Намысымен арылар
Жүйріктің келте құйрығы
Жаман аттың жалы бар
Қолы қысқа жомарттың
Сараң байдың малы бар
Сұңқардың жалғыз тұқымы
Қарғаның мыңдап саны бар
Байғұсты қойған зарлатып
Таңдайда тамшы қаны бар
Жетім жылар
Жесірдің шығар шықпас жаны бар
Есілден-ай жұрттың сіңбес талабы-ай
Атқан таңның кеші бар
Батқан күннің таңы бар
Даланың шөлін жаңбырмен
Қандыратын заңы бар
Адамның көңілін мейрйіммен