Өзіңді аңсап өтеді көктем, өтер күз
Аңсаумен өткен өмірге мынау не етерміз
Көрсем деп шіркін іздеген мәңгі бір-бірін
Көк аспандағы ай менен күндей екенбіз
Жаным-ау менің жағаға таққан тұмарсың
Жалғанда жалғыз, жабығып жүрген шығарсың
Ұнарсың талай бір көрген жанға ұнарсың
Өмірде бірақ өзіме ғана сыңарсың 2
Көркемім сені көрсем де жақсы өзгеден
Қиналдым соны айта алмай саған сөзбенен
Сен туған ауыл, ел-жұртың неткен бақытты
Өзіңді күнде жүретін көріп көзбенен
Жаным-ау менің жағаға таққан тұмарсың
Жалғанда жалғыз, жабығып жүрген шығарсың
Ұнарсың талай бір көрген жанға ұнарсың
Өмірде бірақ өзіме ғана сыңарсың