Мың досым бар алдымнан мал кеткенше
Жүз досым бар мұрнымнан қан кеткенше
Мыңмен жүздің ішінен дараланған
Бір досым бар кеудемнен жан кеткенше
[Қайырмасы]
Бір досым бар жауабы сезім ғана
Бір досым бар бұлдаған сөзін ғана
Тар жолында тағдырдың тайқымайтын
Нағыз досым өзіннің өзің ғана
Бір досым бар аспанда күн кешетін
Бір досым бар сасқанда тілдесетін
Арғымағын өзіңнің бұрда қылып
Ары басқан атыма мінгес едін
Бір досым бар көрмесем сағынатын
Бір досым бар кей кезді жалығатын
Айым туып көгімде күнім шықса
Достарым көп қасымнан табылатын
[Қайырмасы]
Бір досым бар жауабы сезім ғана
Бір досым бар бұлдаған сөзін ғана
Тар жолында тағдырдың тайқымайтын
Нағыз досым өзіннің өзің ғана -