Сағынамын көктемді
Сағынамын өткенді
Есіме алып мұңайдым үнсіз
Жалғыз жүрдім ақ таңда
Қызарып күн батқанда
Жадырамай жанарым сенсіз
Сағынамын көзіңді
Сағынамын өзіңді
Амалым мен қиялым сенсің
Жан жолдасым болмадың
Басқа жанды қолдадың
Жұбатамын жүрегімді мен
Арманым менің, ардағым едің
Өзіңді мәңгі мәңгі сүйеді жүрегім
Тағдырым едің, таң нұрым едің
Өзіңді мәңгі мәңгі бақыт тіледім
Қунышым болып ең
Бақ құсым боп қонып ең
Қатал тағдыр үмітімді үзді
Қайғы мұңсыз жүгірген
Есіме алып бүгін мен
Сағынамын сонау бір күзді
Арманым менің, ардағым едің
Өзіңді мәңгі мәңгі сүйеді жүрегім
Тағдырым едің, таң нұрым едің
Өзіңді мәңгі мәңгі бақыт тіледім
Арманым менің, ардағым едің
Өзіңді мәңгі мәңгі сүйеді жүрегім
Тағдырым едің, таң нұрым едің
Өзіңді мәңгі мәңгі бақыт тіледім
Арманым менің, ардағым едің
Өзіңді мәңгі мәңгі сүйеді жүрегім
Тағдырым едің, таң нұрым едің
Өзіңді мәңгі мәңгі бақыт тіледім