Азимбек Байлин & Бағжан Ерғайып
Текст

Айбарлан Алаш

Азимбек Байлин & Бағжан Ерғайып

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
Сөйлесе сөздің шешені,
Көшімді бастар көшелі.
Еңіреп өткен ел үшін,
Ерлерім қайда кешегі.
 
Намысын сатпас пұлға да,
Алашқа керек ұл дара.
Әр балаң қарап үлгі алсын.
Әлихандайын тұлғама.
 
Айбарлан, Алаш, көзіңді аш!
Өзіңе болма өзің қас.
Қазақты қазақ дос көрсе,
Азапты күнің созылмас!
Жалғанда сынбай сынаққа,
Алашым үшін мін атқа!
Көк жалдай жортып даламда,
Көк байрағымды құлатпа!
 
Азаматтарым, ең дана,
Бірлікпен ұлтқа бер дауа.
Бөріге сыртқы жем болмас,
Бөлінбей жүрген ел ғана.
 
Күллі Алаш күткен күн туды,
Ұл болып сүйе ұлтымды.
Күлтегін менен Білгедей,
Көрсетші қане рухыңды!
 
Айбарлан, Алаш, көзіңді аш!
Өзіңе болма өзің қас.
Қазақты қазақ дос көрсе,
Азапты күнің созылмас!
Жалғанда сынбай сынаққа,
Алашым үшін мін атқа!
Көк жалдай жортып даламда,
Көк байрағымды құлатпа!

Другие песни от Азимбек Байлин & Бағжан Ерғайып