Азамат Үмбетов
Текст

Әкелер

Азамат Үмбетов

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
Қалың қара ормандар,ұрпағына қорғандар
Алатаудай заңғарлар армысың
Қиындықты көп көрген сандауылды өткерген
Сәлем берсем деп келдім армысың
Күн туғанда қол басы батырлардың жалғасы
Ақындардың жолдасы өздерің
Кең далама панамдай пейілі кең даламдай
Алыс кетсем алаңдайтын іздедің
 
Асылдарым жасыл бағым әкелер
Жақсылыққа жанұясын жетелер
Еңбектерің енді қалай өтелер
Әкелер,әкелер...
 
Жеңіске жеткен шағында
Келседе қарттық бағынба
Бақытты күндер кештік біз
Сендердің арқаларыңда
Сендерге төрден орын бар
Өмірде дара жолың бар
Қазақтың қара нарлары
Әкелер аман болыңдар!!!
Айналдырып солдатқа өмір талай салғыртта
Бір ғасыр алмады айнасын
Тұрушы едің сол бақта
Сүйеніп ап шарбаққа, көрінбейсің ол жақта қайдасың
 
Асылдарым жасыл бағым әкелер
Жақсылыққа жанұясын жетелер
Еңбектерің енді қалай өтелер
Әкелер,әкелер...