Азамат Бекбергенов
Текст

Ұмытпашы

Азамат Бекбергенов

Оцените песню: Голос вверх 3 Голос вниз

100%
0%
Қайда асықтың қаяу салып көңілге,
Өзге ошақтың отын енді сөндірме.
Ақталмашы, алдамашы,
Үміт жібін жалғамашы,
Қоштасқандар қосылмайды өмірде...
 
Ұмытпашы, ұмытпашы, сол шуақ күндерімді,
Үзіп кете бардың-ау күдерімді...
Сен көктемді, сен көктемді өзіңмен ала кеттің,
Жүрегіңе орап ап жүрегімді...
 
Ренжісем де саған жаным еріп тұр,
Кеткеніңді бүкіл әлем көріп тұр.
Хат та жазба, хабарласпа,
Табылады сенен басқа,
Ортамызды орамалың бөліп тұр...
 
Ұмытпашы, ұмытпашы, өтінем ұмытпашы.
Мен де сені өмір бойы ұмытпаспын...
Жаннан артық,
Жаннан артық жақсы көрем мен сені
Ешбір адам, ешбір адам мен жоқта жылатпасын...

Другие песни от Азамат Бекбергенов