Сағынышты айта аламын қалай өзіңе
сенбейсің ғой менің айтқан сөзіме
Жетелейді мені бір күш сезімге
Махаббаттың отын жағып көзіме
Мейлі сүй мейлі сүйме
Мейлі жаным үндеме
Мейлі жаным кім болсада басқа жанға кел деме
Аялаймын бір өзіңді аяулым
Жүрегімде бір өзіңсің қалаулым
Сонда да ұнап жүрсің маған бәрібір
Көңілімнің сұрамайсың халін бір
Күнде көрем қол ұстасып түсімде келер
Оянамын ақ таңмен үмітпен
Мейлі сүй мейлі сүйме
Мейлі жаным үндеме
Мейлі жаным кім болсада басқа жанға кел деме
Аялаймын бір өзіңді аяулым
Жүрегімде бір өзіңсің қалаулым