Айжан Қозыбай
Текст

Сағындым қатты

Айжан Қозыбай

Оцените песню: Голос вверх 23 Голос вниз 1

96%
4%
Өзіңменен кездескенде танып
Сүйдім мен сен деп күйіп жаным
Көргенде қалдым естен танып
Көрмесем көзден моншақ тамып
 
Мендегі ақ махаббат адал еді
Көрген жан бізді аққуға балар еді
Өскенің айырбастап айдынына
Қалдырдың қайғы-мұңға неге мені
 
Сен менің жағдайдымды сұрамадыңда
Өзгенің жайқаласың гүл-алаңында
Сен маған жүрек едің өзіңсіз өмір
Сүре аламын ба, сүре аламын ба
 
Жанымның моншақтары көзімнен атты
Жалғыздық ойланбады терезе қақты
Мен сені білесің бе сағындым қатты
Сағындым қатты, сағындым қатты
 
Биіктеп сағат сайын әр күн
Байқамай күнге жақын бардым
Күйдіріп қауырсынның бәрін
Өртенген қанатыммен қалдым
 
Мен солай құлдилаймын төмен қарай
Сен болсаң той тойладың алаңдамай
Япырай айдың күннің аманында
Адастым мен өзіңнен қалай қалай
 
Сен менің жағдайдымды сұрамадыңда
Өзгенің жайқаласың гүл-алаңында
Сен маған жүрек едің өзіңсіз өмір
Сүре аламын ба, сүре аламын ба
 
Жанымның маржандары көзімнен атты
Жалғыздық ойланбады терезе қақты
Мен сені білесің бе сағындым қатты
Сағындым қатты, сағындым қатты
 
Мен білесің бе сағындым қатты
Сағындым қатты, сағындым қатты
 
Мен сені білесің бе сағындым қатты