Мені жұрт өзгелерден өзге дейді
Ерекше бір мінезді кербез дейді
Расында мен де нәзік жаралғанмын
Ойлаймын, қиналамын, армандаймын
Жадыраған таңдарда
Жұмбақты бұл жалғанда
Бақыт қана сұрадым
Сұрадым мен тағдырдан
Әлде кім жақсы көріп көркем дейді
Білместікпен уайымсыз ерке дейді
Анығы менің талай мұңдарым бар
Көпшілік біле бермес сырларым бар
Көңілім жақсы сөзге елеңдейді
Көздерім жылы сөзге күлімдейді
Сезім бар қанатсыз ақ ұшыратын
Әнім бар мейірімді асыратын
Жарқыраған жанымда
Адал жандар барында
Шын бақытты сеземін