Өз жолым мақсатым бар
Жетелер арманым бар
Алысқа апаратын.
Сенімім дарыным бар
Менің де жарығым бар
Ғарышқа апаратын
Махаббат жолы қиын болса да
Ол тылсым кие дер-ем
Махаббат менен алыс болса да
Мен оны иеленем
Тыңдамай ақылшының өзін
Еркімен кететін көкесі
Таусылып қалса дағы төзім
Шыдаймын тағы да.
Ешкімге жалынбаған
Тек алға арындаған
Өзіме сеніп келем.
Биікте жымыңдаған
Шашатын нұрын маған
Жұлдызға еріп келем
Махаббат жолы қиын болса да
Ол тылсым кие дер-ем
Махаббат менен алыс болса да
Мен оны иеленем
Тыңдамай ақылшының өзін
Еркімен кететін көкесі
Таусылып қалса дағы төзім
Шыдаймын тағы да.
Қадалып қарағанда көзің
Мен үшін ең бақытты кезің
Оянып жүрегімде сезім тулайды тағы да.