Қанша арман кеткенімен
Жоғалттым сені мүлде
Көзімнен кеткеніңмен
Жүрсің ғой көңілімде
Сыры бар сезбес пенде
Айналдым танымасқа
Қайтадан кездескенде
Болар ма еді бәрі басқа
Қайырмасы
Көнерсің күйгеніңе
Тағдырмен егесе алмай
Қоспайтын сүйгеніңе
Бұл өмір неге сондай
Махаббат мағынасын
Таба алмай кезіп жүрмін
Сен мені сағынасың,
Мен оны сезіп жүрмін
Жадымда бейнең әлі
Үмітім мың гүлдеді
Қайтадан кейде бәрі
Келердей бір күндері
Биікке самғап ағып
Кеудемде ән ойнасын
Сындырып алма жаным
Бықыттың шарайнасын
Қайырмасы
Көнерсің күйгеніңе
Тағдырмен егесе алмай
Қоспайтын сүйгеніңе
Бұл өмір неге сондай
Махаббат мағынасын
Таба алмай кезіп жүрмін
Сен мені сағынасың,
Мен оны сезіп жүрмін