Мен бүгін сені көп күттім
Жібермей қойды соңғы үміт
Келеді қазір деп күттім
Өзімді өзім сендіріп
[Қайырмасы]
Шаршатты мені бір күн ғой
Екеуіміз қазір екеуіміз
Кездесуіміз мүмкін ғой
Кездеспей бәлкім кездеспей бәлкім кетерміз
Күлсе егер бақыт шын күлсін
Тұрмын ба әлде түк білмей
Жүрсін бе барып кім білсін
Басқа бір жанға күттірмей
[Қайырмасы]
Шаршатты мені бір күн ғой
Екеуіміз қазір екеуіміз
Кездесуіміз мүмкін ғой
Кездеспей бәлкім кездеспей бәлкім кетерміз
Шықпассын алдан сен күліп
Күрсініп өтті бір күнім
Тартылған сымдай соңғы үміт
Үзіле жаздап тұр бүгін
[Қайырмасы]
Шаршатты мені бір күн ғой
Екеуіміз қазір екеуіміз
Кездесуіміз мүмкін ғой
Кездеспей бәлкім кездеспей бәлкім кетерміз
Шаршатты мені бір күн ғой
Екеуіміз қазір екеуіміз
Кездесуіміз мүмкін ғой
Кездеспей бәлкім кездеспей бәлкім кетерміз -