Айкерім Қалаубаева
Текст

Сен деймін

Айкерім Қалаубаева

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Түсінбейсің, білмейсің қалауым көп,
Айтарым көп бірақ та, амалым жоқ.
Үмітімді сен неге үзе бердің?
Күні-түні күтемін хабарың жоқ.
 
Телефоным шырылдаса, сен деймін,
Айым,күнім,аспаным да, сен деймін.
Анда-санда сен мені алдасаңда, сенбеймін!
 
Күліп тұрып кешірем бәрін-бәрін,
Сене алмаймын сенбеймін, сағанбыдың.
Күлімдеген мөп-мөлдір көздеріңді,
Ұнаттым деп айттың да, табылмадың.
 
Телефоным шырылдаса, сен деймін,
Айым,күнім,аспаным да, сен деймін.
Анда-санда сен мені алдасаңда, сенбеймін!
 
Шашыраған жұлдыздай жарық едің,
Жасымаған көңілім, әлі менің.
Асыл адам боларсың тасымаған,
Енді саған сенбеймін, ғашық адам!
 
Телефоным шырылдаса, сен деймін,
Айым,күнім,аспаным да, сен деймін.
Анда-санда сен мені алдасаңда, сенбеймін!