Жүрегімнің жырын, айтылмаған сырын
Саған айтам бүгін қызғалдағым, қызым.
Анаңнын назды әнін, әкеңнін айтқанын
Жаныңа жылу ғып, алтыным сақтаған.
Қайырмасы:
Жарқыраған күнім, қош аман бол, қызым.
Барған жерде бағың жансын.
Жүрегімнің гүлін үзіп бердім бүгін,
Жаным, ботам бақыт болсын ақ босағаң.
Айшуағым менің, артта қалды елің,
Барған жерің әр кез мақтап жүрсін сені.
Жүгі болмас жеңіл, солай екен өмір
Бой жетіп сен күнім сенбегеннен көңіл.
Қайырмасы:
Жарқыраған күнім, қош аман бол қызым.
Барған жерде бағың жансын.
Жүрегімнің гүлін үзіп бердім бүгін,
Жаным, ботам бақыт болсын ақ босағаң. -