Сүттей аппақ көңіліңнен айналайын
Жүрегінді жүрегіммен аймалайын
Қосылсақ тағдырым саған мәңгілікке
Бөлінуді ойламайын
Сен қасымда болшы жаным тілегім сол
Арқа сүйер азаматым тірегім сол
Көзім бол көретін ақ пен қараларды
Күш сынасар білегім бол
Сенші жаным сен жаным маған
Бақ құсың боп қолыңа қонам
Әз еліңнің ақ батасын аламын
Бал бақытқа бірге барайық
Қуанышты қарсы алайық
Жақсы ұл-қыздың ата-анасы болайық
Сен қуансаң қуанамын шаттанамын
Сен мұңайсаң мұңайамын жасқанамын
Өзіңдей керемет асыл жарым бар деп
Бар әлемге мақтанамын
Өмір жолы қызықтарға батырады
Мүмкін жолда қиындықтар жатыр әлі
Бәріде біздегі адал махаббатты
Мойындауға асығады
Сенші жаным сен жаным маған
Бақ құсың боп қолыңа қонам
Әз еліңнің ақ батасын аламын
Бал бақытқа бірге барайық
Қуанышты қарсы алайық
Жақсы ұл-қыздың ата-анасы болайық
Кезігетін сан түрлі сында
Қалдырмашы жанымды мұңға
Сүйем сені тек қана сүйем
Жүрегіңмен сен мені тында
Сенші жаным сен жаным маған
Бақ құсың боп қолыңа қонам
Әз еліңнің ақ батасын аламын
Бал бақытқа бірге барайық
Қуанышты қарсы алайық
Жақсы ұл-қыздың ата-анасы болайық
Жақсы ұл-қыздың ата-анасы болайық
Мені өзіңе ғашық еттің сыры неде
Махаббаттың тым әдемі гүлі неге
Бір сен деп соғатын кеудемдегі жүрек
Дүрсілінен біліне ме?