Санаумен күндер тізбегін
Шыдаумен үміт үзбедім
Ұйықтасам жоғалтатындай
Талай күн көзімді ілмедім
Сиқыры бітпес әлемдей
Не деген жұмбақ жан едің
Білмеймін мен неге сені көп іздеймін
Алдымнан басқа жан көрмеймін, сезбеймін
Өзіңсіз бар жапырағынан
Тоналған қараша күздеймін
Ойымнан ойым жаңылып
Сезімге қалдым бағынып
Мазасы қашты-ау жүректің
Беймезгіл шақта жолығып
Жүрсің бе мүмкін әлде сен
Айтпай-ақ көзден сыр ұға